Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Жаңалықтар
view 109
news

Фотосурет: Ақорда

10 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырыстарын әдетте жыл басында өткізеді. Алдыңғы отырыс 2 сағат 25 минутқа созылып, онда Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды мәселені көтерген болатын. Мемлекет басшысы шектеулер мен айыппұлдар енгізу кезінде ақылға қонымдылық пен парасатты ұмытпау керектігін атап өтті. Сондай-ақ туризм саласын жедел дамыту, жасанды интеллектті енгізу үдерісін жеделдету қажеттігін айтты.

Бұдан бөлек, кезінде мемлекет қолдау көрсеткен банктер енді ел экономикасына нақты үлес қосуға тиіс екенін ескертті. Сонымен қатар президент Үкіметке инвестиция тарту бағытында белсендірек жұмыс істеуді, әрі жауапкершіліктен қашпай, батыл шешім қабылдауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *