“Өзін 8 жылға соттаймыз”: Жанқош Тұраровтың адвокаты
Коллаж
Бүгін Алматыда кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың өкілдері баспасөз мәжілісін өткізді, деп хабарлайды janabastau.kz
Бірақ журналистердің алдына боксшының өзі шыққан жоқ. Ал адвокаты адвокаты Самат Мамұтов Әнару Құрманәлінің өзін тексеру жөнінде полицияға бірнеше өтініш түсіргенін мәлімдеді.
Арызданушы Әнару Құрманәліге байланысты интернет желісінде тарап жатқан видеолар бойынша полиция басқармасына тексеру жүргізу жөнінде өтініш білдірген едік. Арызданушы адамдардың үстінен оның зорланғаны туралы арыз жазып, ақша алғаны жөнінде деректер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тиісті сауалдар жіберілді. Бұл деректер нақты дәлелдерін тапқан жағдайда ресми органдарға бізге жауап беріледі, - дейді Самат Махмұтов.
Оның айтуынша, интернет желісінде таратылып жатқан бейнематериалдар мен бізге түсіп жатқан өзге де ақпараттар бойынша арызданушы Әнару Құрманәлі Жаңқош Тұраровқа арыз беруге 2024 жылдың 19 тамызында түнгі 22:00 шамасында Әуезов аудандық полиция басқармасына масаң түрде келген.
Сол жерде басқа адамдармен жанжалдасып, төбелесіп, жартылай жалаңаштанып өзін беймарал мінез-құлқын көрсеткен. Бұл бойынша полицияға сұраныс жіберілген. Осы ақпараттарды тексеріп, полиция аумағындағы бейнебақылау камераларынан бейнені алып, іске тіркеп, тексеру жүргізуге, оған құқықтық баға беріп, жаза беру жөнінде біз тергеушіге өтініш жібердік. Әнару Құрманәлінің өз қылықтарына жауап бермейтін теріс қылықтары интернет желісінде тарап жүр. Бұл деректер бойынша тексеру жүргізу туралы тағы да өтініш берілген. Деректер расталса, арызданушыға іс бойынша сот-психологиялық және наркологиялық сараптама жүргізуге өтініш білдіреміз. Бізге психотроты заттарды қолданады деген ақпарат түсіп жатыр, - дейді адвокат.
Оның айтуынша, Жаңқош Тұраров арызданушы Әнару Құрманәлінің арызында көрсетілген және БАҚ-та тараған ақпараттарды растамайды. Бәрі жалған. Ойдан шығарылған деп есептейді. Ақиқат орын алатынына үміт артады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін арызданушының арызы жалған болып шықса, ауыр қылмыс жасалғаны жөнінде жалған сөз таратса, қылмыстық кодекстің 419-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылады. Бұл баптың жазасы 3-8 жыл аралығында бас бостандығынан айыру. Арызданушының Жаңқош Тұраровқа арыз жазу себептері – бүгінгі күні тексеруде анықталуда, - дейді Самат Мамұтов.
Пікірлер (0)