Пародист Олжас Сыдықбек Elorda Aqparat-тың директоры болып тағайындалды

Жаңалықтар
view 324
news

 Олжас Сыдықбек «Elorda Aqparat» медиахолдингін басқаратын болды, деп хабарлады Elorda.info. Жаңа басшыны ұжымға Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов таныстырған. «Elorda Aqparat» ЖШС директоры болған Ерлан Қарабалаев мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты бұл лауазымнан босатылды.
Сыдықбек Олжас Дәуренұлы 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, 2010 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетін «Режиссерлік» мамандығы бойынша тәмамдаған.Әр түрлі жылдары Қазақ радиосында, телеарналарда жұмыс істеген.«Қазақстан» республикалық телерадиокешені» АҚ бөлім бастығы, ҚР Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік жұмысы орталығының басшысы қызметтерін атқарған. Бұған дейін Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония бас директорының орынбасары болған.
Еске сала кетейік, Олжас Сыдықбек бұған дейін "Базар жоқ" әсіл-ысқақ театрында танымал тұлғаларға пародия салуымен танылған. Енді ол директордың рөлін де сомдап көрмек!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *