Павел Дуров Луврдан ұрланған әшекейлерді сатып алуға ниетті екенін айтты
Жаңалықтар
33
Фото: lukomore. org/Global Look Press
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Париждегі Лувр мұражайынан ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып алып, оларды қайырымдылық ретінде қайта табыстауға дайын екенін айтты. Бұл туралы өзінің Х (бұрынғы Twitter) парақшасында жазған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ұрланған әшекейлерді қуана-қуана сатып алып, оларды Луврға қайта сыйлар едім. Абу-Дабидегі Луврды айтамын. Себебі Абу-Даби Луврында ешкім ештеңе ұрламайды, - деп жазды ол.
Еске салсақ, бұған дейін Парижде әйгілі Лувр мұражайын ұрылар 7 минутта тонап кеткенін жазған болатынбыз.
Пікірлер (0)