Павел Дуровқа қатысты Ресей СІМ мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/durov
Франциядағы Ресей елшілігі Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты тұтқындауға қатысты жағдайды нақтылауға кірісті, - деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі.
Франциядағы Ресей елшілігі Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Париж әуежайында қамауға алынғаннан кейін "жағдайды нақтылау үшін қажетті қадамдар жасады".
Ресей дипломаттары Дуров өкілдерінің Ресей елшілігіне жүгінбегеніне қарамастан, іс бойынша жұмысты бастады.
Мемлекеттік думаның вице-спикері Владислав Даванков Ресей СІМ басшысына Дуровты босату туралы өтініш білдірді.
"Оны тұтқындаудың саяси негізі болуы мүмкін және Telegram қолданушыларының жеке ақпаратына қол жеткізу құралы бола алады. Бұған жол беруге болмайды", - деді агенттік шенеунігі.
Алайда Ресей министрлігі Владислав Даванковтың үндеуі дипломаттардың жұмысына түрткі болмады деп мәлімдеді.
Пікірлер (0)