Павлодарда ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар
25
Фотосурет: дереккөз
Павлодарда өгей қызына бірнеше жыл бойы зорлық жасаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, ер адам өгей қызына алғаш рет 8 жасында тиіскен. Қылмыстық әрекетін ол үш жыл бойы жалғастырған.
"Сот үкімімен сотталушы өмір бойына сотталды. Ол сондай-ақ кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдарды өмір бойына атқару құқығынан айырылды", - дейді Павлодар облысының соты. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер (0)