ПАЙ-ПАЙ ШІРКІН, ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ-АЙ!

Редакция таңдауы
view 390
news

  Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері-ай!

«Қызым – келіннен, ұлым елімнен ғибрат алып өседі» – деп ұрпағынан жақсылық күтетін халықпыз. «Қыз бала – жатжұрттық» дегенді де атам қазақ бекерге айтпаған. Жас қыз ертең-ақ бойжетіп, балиғатқа толып, бір үйдің табалдырығын келін болып аттары сөзсіз. «Келіннің аяғынан...» – деп барған жері жас келінге сын көзбен қарайды. Отбасындағы әже, аналарынан тәлімді тәрбие алған қыз бала барған жеріне «судай сіңіп, тастай батып», ауыл-аймаққа қадірлі болып кетеді.

Бір әулеттің түтінін түтетіп, шаңырағын биіктете түсу – үлкен жауапкершілік. Мұны келін болатын болашақ қыздарымыз терең сезінулері қажет. Жас келіннің көтерер жүгі қашанда ауыр. Қайын ата, қайын ене, қайын сіңлі, қайын інілермен тіл табысу да шеберлікті қажет етеді. Оң жақтағы қыз баланы «ертеңгі күнгі – келін, ерін сыйлар – адал жар, ана, ақыл айтар – жеңге, тату болар абысын» – деп ұлттық тәрбиені өн бойына дарыта білу де оңай іс емес. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан кешегі Домалақ ана, Зере мен Ұлжан аналарымыздың салып кеткен сара жолы. Жаңа шаңырақтың табал­дырығын аттаған ке­ліндерін ата-бабалары­мыз құрмет тұтқан. Оларды өз ұрпа­ғын өрбітіп-өркендетіп, кеңейтуші ырысы, құт-берекесі санаған. Қосшы Қаласы Аналар Кеңесі ұйымдастыруымен «Пай- пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» қалалық байқауы өтті. Келіндердің ізеттілігін, инабаттылығын бағалап, жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығы мен қатар салт-дәстүріміздің қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу, танымдық қабілетін арттыру байқаудың басты мақсаты. Осындай тамаша іс-шараны ұйымдастырған Аналар Кеңесінің төрайымы Өтегенова Шолпан Ғажайыпқызы. Ал, қазылар алқасы қаламызға белгілі біздің ақыл айтар аталарымызбен әжелеріміз болды. Анарбаева Елекен Тукенқызы, ұстаз зейнеткер, Қосшы қаласы Аналар Кеңесінің мүшесі, әділ қазылар төрайымы болса, Айнабаев Абілқайыр Оразақұлы, Әкелер кеңесінің төрағасы, Мазимова Сауле ұстаз-зейнеткер, «Замандастар» әжелер хорынның мүшесі, Оспанова Роза Махмутовна, «Ерке сылқым» перделер салонының иесі, Қосшы қаласы Аналар Кеңесінің мүшесі, Құрманбаева Сымбат Бопанқызы, Қосшы қаласының жеке кәсіпкері, Аналар Кеңесінің мүшесі байқауға қатысқан келіндерге әділ бағасын берді. Аталмыш байқауға Қосшы қаласынан 8 келін қатысты. Өнерлі, бармақтарынан бал тамған аяулы жандар бүгінгі жастарға үлгі екені айқын. Қазылар алқасының шешімімен; «Парасатты келін» номинациясы Әбиева Айнұр Нұрмұхамбетқызы; «Инабатты келін» номинациясы Үменова Әсел Әзімханқызы; Үшінші орын және «Көрікті келін» номинациясы Төлегенова Қаламқас Қайратқызы мен Смаилова Елайым Ернұрқызы; Екінші орын Абайтова Гүлзина Тұрғынбайқызы және Жеңсебаева Баян Нұрсұлтанқызы; Бірінші орын Бекетанова Назерке Алмасбекқызы; Бас жүлдені және «Үздік келін» номинациясын Амантаева Еңлік Бағданқызы жеңіп алды. Бұл дәстүрлі байқау Қосшы қаласында жыл сайын Әз наурыз мерекесіне орай өтіп отырады. Былтырғы жылы «Жақсы ене-тынысың, жақсы келін-ырысың»,- деп аталатын ене мен келін байқауы өткен болатын. Келер жылы күйеу балалардың арасында өтетін болады. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, отбасының алтын діңгегін нығайту басты мақсат екені анық.

Абылахан Әшімхан

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *