Пентагон Ресейге қарсы барлық әскери кибероперацияларды тоқтатады
Фото ашық дереккөзден
АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет АҚШ Қарулы күштерінің Киберқолбасшылығына Ресейге қарсы бағытталған кез келген жоспарлауды, соның ішінде шабуылдаушы кибероперацияларды тоқтатуға бұйрық берді, деп хабарлайды janabastau.kz DW-ге сілтеме жасап.
Хегсет бұйрығының нақты қашан күшіне енетіні белгісіз. The Record басылымының дереккөздеріне сүйенсек, командование бұл шешімнің «жақын арада» жүзеге асатынын хабарлаған. Қазіргі уақытта АҚШ Киберқолбасшылығы «қауіптерді бағалау» жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы талдау негізінде Хегсетке қандай миссиялардың «тоқтатылатыны» және Ресейден әлі де төнетін ықтимал қауіптер туралы есеп беріледі.
Хегсет бұл нұсқауды АҚШ Киберқолбасшылығының басшысы генерал Тимоти Хоға тапсырды. Өз кезегінде, Хо бұйрықты өз қарамағындағы қызметкерлерге, оның ішінде АҚШ Киберәскерінің операциялық қызметін басқаратын генерал-майор Райан Херитиджге жеткізді. Дегенмен, Пентагон басшысының бұл шешімі Ұлттық қауіпсіздік агенттігіне (NSA) әсер етпейді. Бұл агенттік Ресейге қарсы радиотехникалық барлау жұмыстарын жалғастыра береді.
The Record дереккөздері бұл тыйым Украинаға көмек көрсетуге қатысты кибероперацияларға да әсер етуі мүмкін екенін айтады. Бұған дейін АҚШ Киберқолбасшылығы Киевке өз мамандарын жіберіп, Украинаның «цифрлық қорғанысын» нығайтуға көмектескен болатын. Сондай-ақ, олар Мәскеудің барлау мүмкіндіктерін зерттеу жұмыстарымен айналысты.
Шамамен 6000 қызметкері бар АҚШ Киберәскерінің болашағы әлі белгісіз. Осы саладағы мамандардың төрттен бірі Ресейге қатысты істермен айналысады. Мәскеу әлемдік киберқылмыстың басты орталықтарының бірі саналады және АҚШ-тың жеке компанияларына, мемлекеттік құрылымдарына бірнеше рет кибершабуылдар жасаған.
The Record дереккөздерінің айтуынша, Хегсет бұл бұйрықты шамамен бір апта бұрын берген. Сондықтан оның Дональд Трамп пен Владимир Зеленский арасындағы даулы келіссөздерге және украин делегациясының Ақ үйден қуылуына ешқандай қатысы жоқ.
Пікірлер (0)