Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шықты
Коллаж: inform.kz
Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап
Сот үкімі бойынша Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды, ал анасы Гайни Алашбаева 7 жылға сотталды.
Cонымен қатар, Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваның мүлкінен 50 азаматтық талап-арызды қанағаттандыру үшін 1,5 миллиард теңге өндіріледі.
Олардан тәркіленетін мүлікке коттедж, төрт пәтер, «Мерседес» көлігі, гүл бизнесі және 97 миллион теңге көлеміндегі ақша қаражаты кіреді.
Естеріңізге салсақ, прокуратурорлар Қайратқа 10 жыл, Алашбаеваға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.
Оларға мүгедектігі бар балаларға, Таяу Шығыста зардап шеккендер мен Қазақстандағы су тасқынынан жапа шеккендерге көмек жинауға байланысты айып тағылған.
Аса ірі көлемде алаяқтық пен ақшаны заңдастыру дерегі бойынша айыпталып отыр.
Пікірлер (0)