«Кінәлі деп санамаймын»: Перизат Қайраттың адвокаты үкімге қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
44
Фото: Tengrinews.kz/Санжар Мустафин
Үкім жарияланғаннан кейін Перизат Қайраттың адвокаты Асланбек Давлетяров журналистерге шығып, сот шешіміне байланысты өз ойын айтты, деп хабарлайды janabastau.kz Skifnews.kz -ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қорғаушы тарап апелляциялық шағым түсіреді.
Адвокат өзі бұл істен толық ақтау үкімін талап ететінін атап өтті.

«Апелляциялық шағымда мен ақтау үкімін сұраймын. Басқа тараптар не сұрайтынын білмеймін. Бұл мәселені олармен әлі талқылаған жоқпын. Өз басым толық ақтауды талап етемін», – деді адвокат.
Пікірлер (0)