Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты тың ақпарат жарияланды
Коллаж: Ulysmedia.kz
Елді дүр сілкіндірген атышулы Перизат Қайрат ісі бойынша тергеу аяқталды. Жуырда іс материалдары прокуратураға жолданады. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Жеңіс Фарахатұлы мәлім етті, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.
“Іс аяқталды, қазір қорғаушылар мен күдікті іс материалдарымен танысып жатыр. Өтініштер мен оларға берілетін жауаптар рәсімі жүріп жатыр” – деді
Айта кетейік, Перизат Қайрат 3,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл дерек қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Қаржы мониторингі агенттігі бұған дейін де бұл істі ерекше бақылауда ұстап отырғанын хабарлаған. Сарапшылардың айтуынша, бұл соңғы жылдардағы ең ірі қаржылық қылмыстардың бірі.
Пікірлер (0)