Петропавлда екі жасар бала терезеден құлап кетті

Жаңалықтар
view 45
news

Фото: Pexels

 Петропавлда көп қабатты үйдің терезесінен құлаған бала аман қалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі жасар бала тоғыз қабатты үйдің екінші қабаттағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, бүлдіршін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. 

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер баланы тексеру барысында оның бірнеше жарақат алғанын анықтады. Атап айтқанда, бел омыртқа бөлігінің байламдары созылған, оң жақ саны көгерген және оң аяқ табаны сырылған. 

Қазір бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматология және ортопедия бөлімінде. Науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, емдеу консервативті тәсілмен жүргізіліп жатыр. Оның өміріне қауіп жоқ, жағдайы тұрақты, — дейді мамандар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *