Петропавлда жеңіл көлік пен КамАЗ тұрғын үйдің қабырғасын бұзып кірді (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 74
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде небәрі үш күннің ішінде екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, екі бірдей көлік жеке тұрғын үйлерге соғылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі SMARTNEWS.KZ-ке сілтеме жасап.

Алғашқы оқиға 12 ақпанда Петропавл қаласындағы Панфилов көшесінде болды. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, КамАЗ-дың 64 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тұрғын үйдің қабырғасына соғылған. Полицияның хабарлауынша, жол апаты салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Аталған дерек бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу және мүлікке залал келтіру фактісімен әкімшілік материал тіркелді.

Екінші жол-көлік оқиғасы 14 ақпанда Жұмысшы кентіндегі Украинская көшесінде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Subaru Legacy маркалы автокөлік тұрғын үйге соғылып, үй ішіне жартылай кіріп кеткен. Бұл жолы жүргізуші медициналық көмекке жүгінген. Басқа зардап шеккендер жоқ.

Қазір полиция қызметкерлері екі оқиға бойынша да барлық мән-жайды анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *