Рүстем Жүгінісовті екінші әйелі бәйбішеден қызғанып отыр
Фотосурет: видеодан коллаж
Әлеуметтік желілерде әнші Рүстем Жүгінісовке екінші әйел алып, балалы болды деген ақпарат қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл қауесет Threads желісінде тарай бастаған. Онда бір қолданушы әнші мен оның отбасын қатаң сынға алған жазба жариялады.
Ең аяныштысы, бірінші әйелі Айжан қандай керемет әнші еді?! Дауысы барлық Жүгінісовтерден де жақсы болатын. Күйеуі дінге беріліп, оны хиджаб киюге мәжбүрледі, үйде отырғызды, талантын тұншықтырды. Ал енді оның екінші әйелінен баласы бар екені белгілі болды, – делінген жазбада.
Әлеуметтік желі қолданушылары жағдайға қатысты жаппай пікір білдіріп, әншінің бірінші зайыбына жанашырлық танытты.
Кейін желіде өзін Рүстем Жүгінісовтің екінші әйелі ретінде таныстырған адамның мәлімдемесі пайда болды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман сұрақтарына жауап беріп, әншімен некеде екенін және бір баласы бар екенін растады. Айтуынша, ол – 23 жаста, бұрын тұрмыс құрмаған. Бұл – алғашқы некесі. Жүгінісов екеуінің бір ұлы бар. Ал Рүстем никабтағы бірінші әйелімен ресми түрде ажыраспаған. Жас айырмашылығы – 7 жыл.
Иә, қызғанамын. Кез келген әйел қызғанады. Қазір күйеуіммен бірге тұрып жатырмын. Ұлымыз бар. Ұлымыздың атын күйеуім қойды. Қыз туса, атын мен қоямын, – деді екінші жары.
Рүстем Жүгінісовтің өзі бұл ақпаратқа әлі ресми түрде пікір білдірген жоқ.
Пікірлер (0)