Президент Әкімшілігі Досаевтың қызметіне тексеріс жүргізбек
Фото: BES media
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат порталы.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28-29 наурыз күндері Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Ерболат Досаевқа қаланы жан-жақты дамытуға қатысты тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, қала әкімдігі нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөніндегі есеп бекітілген тәртіп бойынша дайындалып, мерзімінде ұсынылып отыр. Әкім қызметінің тиімділігіне Президент Әкімшілігі сараптама жүргізеді, – деп жазды Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында.
Атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері бойынша Алматы қаласы әкімдігі ақпараттандырып отырады.
Пікірлер (0)