ПРЕЗИДЕНТ БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ: МЕМЛЕКЕТ ШЫН МҰҚТАЖ АДАМДАРҒА ҒАНА ЖӘРДЕМ БЕРЕДІ
Редакция таңдауы
104
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында халықты баспанамен қамту саясаты қалай жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Jańa Bastau газеті ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Маған азаматтардан күн сайын жүздеген өтініш келеді. Оның ішінде қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді сұраған хат өте көп. Бұл түйткіл мемлекет тарапынан мүмкіндігінше шешіліп жатыр. Тағы да қайталап айтамын, мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пайымынша, тұрғын үй саясаты нарықтағы ахуалға тығыз байланысты.
«Сондықтан, біз осы саладағы саясатымызды қайта қарап, оның мейлінше әділ әрі икемді болуын қамтамасыз етуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)