Президент бүгін бірнеше елшіні тағайындады

Жаңалықтар
view 215
news

Сурет: Ақорда

Президент Жарлықтарымен Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, ал Сергей Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *