Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
Фотосурет: Ақорда
Алматыға жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі. Ол барша қазақстандықты Наурыз мейрамымен құттықтады, – деп хабарлайды
– Еліміздің алдында биік мақсат тұр. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Біз адал еңбек етіп, адал табысқа жете алатын әділ қоғам орнатуымыз керек. Мұндай қоғамды адал азаматтар қалыптастырады. Бір сөзбен айтсақ, әділдік пен адалдық – әрдайым қатар жүретін егіз ұғым. Сондықтан біз құрып жатқан қоғамда баршаға бірдей мүмкіндік беріледі. Әділетті мемлекет – бұл заң мен тәртіп үстемдігі. Озық мемлекет болу үшін бәріміз тек жарқын болашаққа сеніммен қарауымыз керек. Біздің үмітіміз – жастар. Қазақстанның келешегі сіздердің қолдарыңызда. Белсенді, санасы сергек, ойы ұшқыр, адал, көзі ашық жастарға біз әрдайым қолдау көрсетеміз, – деді Президент.
Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде егемендігіміздің алтын бесігі болған Алматыны еліміздің рухани, ғылыми және экономикалық орталығы деп атады.
– Алматы бүкіл Қазақстанның өркендеуіне зор ықпал етеді. Сондықтан мен Алматының дамуын, қала тұрғындарының тыныс-тіршілігін айрықша назарда ұстаймын. Әсем Алматымыз болашақта бұдан да көркейе беретініне сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз
![news](https://janabastau.kz/storage/thumbnails/default/4f/q1/807yzyckoo80o4c8w0coo.webp?crop=310x210&p=posts%2F2024%2F06%2F3cef96dcc9b8035d23f69e30bb19218a.webp&s=pd)
![news](https://janabastau.kz/storage/thumbnails/default/3e/ap/ljmg3bi8gk8gw8gsgkcok.jpg?crop=310x210&p=posts%2F2024%2F03%2Fa01a0380ca3c61428c26a231f0e49a09.jpg&s=pd)
![news](https://janabastau.kz/storage/thumbnails/default/9o/xi/pa1qu1gcks84c44cso8sw.png?crop=310x210&p=posts%2F2024%2F03%2F5c936263f3428a40227908d5a3847c0b.png&s=pd)
Пікірлер (0)