Президент Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Редакция таңдауы
174
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы мемлекеттік органдар бірінші басшыларының Қарулы Күштерді, әскер мен әскери құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөніндегі баяндамаларын тыңдады.
Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің әскери саласын ұйымдастыру ісін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Оқи отырыңыз

Редакция таңдауы
Мұнай бағасы зымыранша ұшты — Таяу Шығыстағы шабуыл салдары


Редакция таңдауы
Қазақстанда той шығынын салық органдары тексере бастады
Пікірлер (0)