Президент үстел теннисі майталмандарымен әңгімелесті

Жаңалықтар
view 25
news

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Кубогының негізгі шараларының бірі – үстел теннисінен әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өтіп жатқан шоу-матчты тамашалады.

Президент Олимпиада чемпионы Сюй Синь (ҚХР), Әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жүлдегері Шлагер Вернер (Аустрия), Әлем чемпиондары Фан Бо (ҚХР) және Чу Се Хёк (Корей Республикасы) сияқты үстел теннисінің майталмандарымен әңгімелесті.

Алғаш рет өткен турнирге әлемнің 14 елінен 300-ден аса спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында ITTF рейтингісі бойынша ең үздік 100 теннисшінің қатарына енген ойыншылар мен Қазақстанның танымал спортшылары бар.

Айта кетейік, Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президентінің сәлемін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президентінің Үстел теннисінен Ашық Кубогінің алғашқы чемпиондары белгілі болғанын жазған болатынбыз. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *