Путин Ақтаудағы әуе апаты жайлы сөз қозғады
Фото ашық дереккөзден
Ресей президенті Владимир Путин Бакуден ұшқан ұшақтың Ақтау маңында апатқа ұшырауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды janabastau.kz
ТМД елдерінің бейресми кездесуінде Владимир Путин қаза болғандар мен жарақат алғандардың жақындарына көңіл айтып, Ресейдің төтенше жағдай министрлігінің ұшағы медицина қызметкерлері мен техникалар Ақтауға ұшып жатқанын мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасының президентінің келісімімен Ақтауға қазір Ресейдің төтенше жағдай министрлігің ұшағымен медицина қызметкерлері мен техникалар Ақтауға жіберілді», – деді Путин.
Путин Ильхам Әлиев Санкт-Петербургте өтетін ТМД елдерінің бейресми саммитіне қатысуы керек болғанын, алайда таңертең ол Ресей президентіне телефон соғып, артқа бұрылып, Бакуге қайтуға мәжбүр екенін айтты.
«Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне үміттенейік», – деді Ресей президенті.
Сөз соңында Путин осы қайғылы оқиғаға қатысты барлық мәселелер бойынша арнайы авиациялық қызметтеріміздің жұмысын үйлестіретінін айтты.
Пікірлер (0)