“Пышақтар, ұйықтататын дәрілер”: Алматыда шатырдан құлаған екі қыздың өліміне қатысты куәгерлер жаңа деректерді бөлісті

Жаңалықтар
view 525
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Алматыда биік үйдің шатырынан құлаған 7-сыныптың екі оқушысына қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды janabastau.kz  КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Куәгерлер жеткіншектердің секіріп кеткен жерінен адамның бұлшық етін босатып, ұйықтататын әсері бар бірнеше дәрі тауып алған.

Тоғыз қабатты тұрғын үй қазір құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында. Мектеп формасын киген екі қыз үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Таңғы сағат 10 шамасында жасөспірімдер көтеріңкі көңіл-күймен подъездердің біріне кіріп кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, қыздар шатырда жарты сағаттай болған. 

Шатырпдың үстінен ұйықтататын дәрілер, пышақтар, аяқ киімдер табылд. Қысқасы, қыздар дайындалып келген. Оның үстіне олар құлаған кезде ешкім айқайлаған жоқ. Олар бірдеңе тұтынған сияқты, – дейді оқиға куәгері. 

 Ал қыздар оқитын гимназия әкімшілігі түсініктеме беруден бас тартты.

Бұл уақытта оқушы қыздардың неліктен сабақта болмағаны әзірге белгісіз.

Алмалы ауданында екі қыздың өмірін қиған қайғылы оқиғаға байланысты Алматы қалалық білім басқармасы істің барлық мән-жайын зерделеу үшін тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарту арқылы комиссия құрды, – деді Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *