Қар, көктайғақ, жел: 13 желтоқсанда ауа райы қандай болады

Жаңалықтар
view 135
news

Фото: Nege.kz

13 желтоқсанда елдің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады, жел екпіні күшейеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны әсерінен ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Қар жауып, батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі. Батыс аймақтарда жауын-шашын күшейетіні болжанып отыр, - деп мәлімдеді синоптиктер.

Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта боран соғады.

Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында түнде жел екпіні секундына 30 метр және одан да жоғары болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *