Таразда зейнеткерді өлтірген ер адам полиция ғимаратына барып тығылып қалған

Жаңалықтар
view 93
news

Фото: yandex.kz

Таразда ер адам 83 жастағы зейнеткерді өлтіріп, полиция ғимаратына барып тығылған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Мәліметке сүйенсек, зейнеткердің мәйіті қаладағы көп қабатты үйлердің бірінен кіреберісінен табылған. Куәгерлердің бірі күдіктіні ұстау үшін соңынан қуып, Полиция департаментінің ғимаратына кірген.

Қайғылы оқиғаның болғанын облыстық Полиция департаменті растады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктіні – Тараз қаласының 68 жастағы тұрғынын анықтап, оны Уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі уақытта істі жан-жақты, толық әрі объективті тергеуге бағытталған қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Барлық тергеу әрекеті заң талаптарына сәйкес орындалып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді, – делінген облыстық Полиция департаментінің Azattyq Ruhy тілшісіне берген пікірінде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *