Бокстан әлем чемпионатының финалы: тікелей эфирді қайдан көруге болады
Фото: IBA
Бүгін, 13 желтоқсанда бокстан әлем чемпионатының финалы өтеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан атынан шаршы алаңға төрт боксшы шығады: Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг).
- 54 кг - Сәкен Бибосынов - Вячеслав Рогозин (Ресей)
- 57 кг - Оразбек Асылқұлов - Хусравхон Рахимов (Тәжікстан)
- 71 кг - Абылайхан Жүсіпов - Сергей Колденков (Ресей)
- 75 кг - Сабыржан Аққалықов - Исмаил Мутсолгов (Ресей)
Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады. Қазақстанда жекпе-жектерді тікелей эфирде мына сілтеме арқылы көруге болады.
Финалистер саны бойынша Ресей көш бастап тұр - 12 боксшы. Екінші орында Өзбекстан құрамасы - алты боксшы. Қазақстан құрамасы үшінші орынға жайғасты.
Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан құрамаларында - бір-бір финалистен бар.
Турнир жеңімпаздары 300 000 доллар, күміс жүлдегерлер 150 000 доллар, қола жүлдегерлер 75 000 доллар, ал ширек финалға шыққан қатысушылар 10 000 доллар алады.
Пікірлер (0)