Қарттар үйінде мүгедек қарияларға дөрекілік көрсетіп, күш қолданған

Жаңалықтар
view 362
news

сурет:voxpopuli.kz

Ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерін жалға беріп келген

Қамқорлықтың орнына қағажау көрген. Павлодардағы қарттар үйінің қызметкерлері мүгедек қарияларға дөрекілік көрсетіп, күш қолданғаны анықталды. Жеке пансионат басшылары қайтыс болған жалғызбасты қариялардың пәтеріне иелік еткен дейді прокурорлар, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ  КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

«Радость 1945» деп аталатын пансионаттағы жалғызбасты қариялардың қуанышты күні аз болған сыңайлы. Өйткені қарттар үйінің бастығынан бастап, қатардағы жұмысшысына дейін айналдырған 20 қарияға күн көрсетпеген. Отырса опақ, тұрса сопақ қылып, тамақты да там-тұмдап берген көрінеді. Ашқұрсақ қарттар қыңқылдаса, сабап алады екен. Тіпті қайтыс болған, іздеуі жоқтардың пәтерін жалға беріп пайда тауып отырған. Бұл сұмдық жайттар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен прокуратураның тексерісінен кейін әшкере болды.

«Ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерін жалға беріп келген. Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - Павлодар облысы прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Түлеков.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *