Қаржаубай Нұрымов пен оның қарындасы 15 тәулікке қамауға алынды

Жаңалықтар
view 93
news

Фото: видеодан алынды

Әкімшілік сот шешімімен Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы отбасының адвокаттары айтты, – деп хабарлайды  janabastau.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Адвокаттар шешімге шағым түсірмекші. Қаржаубайдың қарындасы Бақыт та 15 күнге жабылған. Оған митингке шақырды деген айып тағылған. Сондай-ақ ол ел азаматы болмауына байланысты Қазақстаннан депортацияланады.

Одан бөлек Қаржаубайдың тағы бір қарындасы Салтанатқа бұзақылық бабы бойынша 20 АЕК айыппұл салынды. Жездесі Айғазыға байланысты сот бүгін таңертең өтеді.

Бұған марқұм Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жерлеуінен кейін болған оқиғалар себеп болған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *