Қауіп күшейді: Тоқаев БАӘ-дегі азаматтық нысандарға соққыны қатаң айыптауды қолдады
Фото: Хабар24 кадрынан скриншот
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан президенті Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, әмірліктердің басшылығы мен барша халқына шынайы құрметін, қолдауы мен тілектестігін жеткізді. Тоқаев қарулы қақтығыс барысында БАӘ азаматтық инфрақұрылымына зақым келгеніне қынжылатынын айтты.
«Қазақстан БАӘ достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады, қажет жағдайда қал-қадерінше көмектесуге дайын», – деді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы БАӘ азаматтық нысандарына, сондай-ақ Шығанақтағы басқа да елдерге жасалған шабуыл қатаң айыпталуы керек деп санайды. Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян еліміздің қолдауын жоғары бағалап, қазіргі халықаралық дағдарысты еңсеруде көмек көрсетуге ықылас танытқаны үшін ризашылығын білдірді.
Пікірлер (0)