Қазақ тілін хайп тілі деген спортшының басы дауға қалды
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстан құрамасы мен “Зенит” клубының қорғаушысы Нұрәлі Әліп бас бапкер Станислав Черчесовтің қазақ тіліне қатысты келеңсіз жағдайға тап болуы туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды janabastau.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Есте болса, ресейлік маман Қазақстан құрамасына бас бапкер болып тағайындалғаннан кейін журналистермен кездескен болатын. Жиында журналистердің бірі бапкерге қазақша сұрақ қойып, оның ашуын тудырған. Тіпті, Черчесов тек орыс тілінде сұрақ қоюды талап еткен еді. Мұнан кейін қоғам наразылығы туындап, көпшілік оның отставкаға кетуін талап етті.
«Мен оны түсінемін. Тілші де орысша біле тұра қазақ тілінде сұрақ қойды. Сол үшін де ол «осетинше де жауап бере аламын» деді. Сондықтан қазақ тілінде сұрақ қою арқылы тілші хайп жасағысы келді. Қазақстанда барлық журналист орысша біледі», — деді ресейлік журналистерге сұхбат берген Әліп.
Осы оқиғадан кейін Черчесов қазақ тілі курсын оқуға кіріскенін мәлімдеген. Алайда, оның мемлекеттік тілді қаншалықты деңгейде үйренгені әзірге белгісіз.
Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары спортшының бұл мәлімдемесіне наразылық танытып, ел алдында жауабын түсіндіруді талап етуде.
Пікірлер (2)
айналайындар ау. осы хайповать етіп жатқан сендер емес іңдер ма. ол жігіт қазақ тілі хайп тілі демеді. ол черчесовке сұрақ қойған журналимті айтты ( өзін көрсеткісі келді ерекшеленгісі келді ұпай жинап алғысы келді тіл бойынша сұрақ қойып деп осыны хайповпть деп айтады.) ана мини футболдың тренеры какаға неге қоймайсыңдар қазақша сұрақ
Бұл баланың әке-шешесі Бірлік елді мекенінде көрші тұрдықмарқұмдармен иманды болсын,олар Қазақ тіліне деген құрметі бар еді. Қалаға көшкесін балалары орыс тілене жақын болғандығынан шығар орыс тілді қолдап жүргені,мүмкін түзелер Еліне деген сүйінпеншілік,болашағы алда деп есептеймін,аман жүрсін,басқа не дейміз