Қазақша сөйлемеген телеарна мен радиоға не болады? Жаңа талаптар ұсынылды

Жаңалықтар
view 177
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстанда телеарналар мен радиостанцияларға қатысты жаңа талаптар ұсынылып отыр. Бұдан былай апталық эфир уақытының кемінде 55 пайызы қазақ тілінде болуы тиіс. Тиісті ұсыныс Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізу жобасы аясында қаралуда, деп хабарлайды janabastau.kz. 

Жоба 10 шілдеге дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауда болады. Қоғам үнсіз қалмаса, бұл өзгеріс күшіне енуі әбден мүмкін.

Тіл квотасымен қатар, жарнамаға да шектеу күшеймек. Қолданыстағы заңнама бойынша, эфирдегі жарнаманың үлесі жалпы уақыттың 20 пайызынан аспауы керек. Енді бұл талап нақты бақылауға алынбақ.

Бұдан бөлек, онлайн-контентке де тізгін тарту бастамасы көтерілді. Мәдениет және ақпарат министрлігі заңсыз контент таратқан әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерге айыппұл салуды көздеп отыр.

“2024 жылы қазақстандық онлайн-платформаларда 78,5 мыңнан астам құқыққа қайшы контент анықталған, алайда оның тек 24,3 пайызы ғана жойылған”, – делінген құжатта.

Ведомствоның пайымынша, заңнама жаңартылмаса, цифрлық кеңістікте тәртіп орнату мүлде мүмкін болмай қалуы ықтимал.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *