Қазақстан мен Германия мүмкіндіктерінің тоғысы

Жаңалықтар
view 25
news

Фото: Ресми дереккөзден

Қазіргі заманда тауар қозғалысы деректер қозғалысымен тығыз байланысты. Сондықтан цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу қазақ-герман ынтымақтастығының тағы бір перспективті бағытына айналуға тиіс.

Білікті мамандарсыз бірде бір стратегия табысты болмайды. Германия стандарттарына сай білім алған және оны бірлескен кәсіпорында кәдеге жаратып жүрген жас қазақстандық инженер бейнесі – біздің келешек серіктесіміздің келбеті десек, қателеспейміз. 

Инвестициялық шешімдер де ұзақмерзімді тәсілді талап етеді. Мемлекеттік институттарға сенім болмаса, мұндай шешімдерді жүзеге асыру мүмкін емес. 

2019 жылдан бері Қазақстан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар арқылы оның іргесін дәйекті түрде нығайтып келеді.

Сыртқы саясатта еліміз өзара құрметке, мемлекеттердің дербестігі мен халықаралық құқықты сақтауға негізделген теңгерімді әрі сындарлы бағыт ұстанады. Бұл Қазақстанды сенімді әрі перспективті серіктес ретінде танытады. 

Немістерде «Einigkeit macht stark» – «Күш – бірлікте» деген нақыл сөз бар. Осы ұлағатты сөз мүмкіндіктерін тоғыстырған Қазақстан мен Германияның ықпалдастығын дәл сипаттайды.
Өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейте отырып, елдеріміз Еуразия құрлығындағы тұрақтылық пен өркениет кеңістігін нығайта береріне сенімдімін.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *