Қазақстан темір жолы: Жоқ адамдарды жұмысқа орналастырып, филиал директоры жалақысын өзі алып отырған

Жаңалықтар
view 255
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстан темір жолы: Жоқ адамдарды жұмысқа орналастырып, филиал директоры жалақысын өзі алып отырған, деп хабарлайды janabastau.kz.

ҚТЖ ревизорлық  комиссиясы ішкі тексерулер барысында "ҚТЖ"ҰК" АҚ – "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалында қызметкерлердің формальды еңбек қызметінің (өлі жандар) фактілерін анықталды.

Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілді. 

Осы фактіге қатысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

"Филиал басшысының тапсырмасы бойынша формальды жұмыспен қамтылған адамдар жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны анықталды. ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды. Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралуда. ҚТЖ тергеуге толық көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *