Қазақстанда 2050 жылға дейін қанша АЭС салынатыны белгілі болды

Жаңалықтар
view 32
news

Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын бекітті. 2026 жылғы 15 сәуірде қол қойылған тарихи құжат еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің мәліметінше, алдағы ширек ғасырда елімізде кемінде үш атом электр станциясы бой көтереді. 

Стратегияда жобаларды іске асырудың нақты кезеңдері көрсетілген:

Бірінші АЭС: Құрылыс жұмыстары басталып кетті. Ол Алматы облысының Жамбыл ауданында бой көтереді;

Екінші АЭС: Қазіргі таңда станция салу мәселесі қарастырылу сатысында;

Үшінші АЭС: Бұл нысан үшін заманауи шағын модульдік реакторлар технологиясын қолдану мүмкіндігі зерттеліп жатыр.

Алматы облысындағы алғашқы АЭС үшін III+ буынындағы реакторлар таңдалды. Бұл қондырғылар қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейімен ерекшеленеді.

«Стратегия тек құрылысты ғана емес, сонымен қатар уран өндірісін тереңдетуді, отын шығаруды және ғылыми базаны нығайтуды көздейді. Қазақстан әлемдік уран нарығындағы көшбасшылығын сақтай отырып, дайын өнім шығаруға көшеді», — делінген ресми хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *