Баян Алагөзова «Қыз Жібектің қамзолына» қатысты дауға жауап берді

Жаңалықтар
view 32
news

Коллаж: Ulysmedia.kz

Танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен «Қыз Жібек» фильміндегі қамзолға байланысты өз ұстанымын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап

Оның сөзінше, қоғамда дау тудырған бұл бұйым ұзақ жылдар бойы назардан тыс қалған. Продюсер мұндай құнды заттар оның жеке қорында бұрыннан бар екенін айтып, соның ішінде Роза Бағланованың да сахналық костюмі өзінде сақтаулы екенін жеткізді.

Неге екені белгісіз, 50 жылдан астам уақыт бойы бұл қамзол ешкімге керек болмаған. Ешкім іздемеген. Осы уақытқа дейін неге ешкім сұрамады? Фильмнің костюмдері қайда болды? Оларды кім сақтады? Ешкім сақтамаған, – деді ол.

Алагөзова дау тудырып жатқан камзолдың ресми құжаттарда тіркелмегенін де атап өтті. Оның айтуынша, бұйым ұзақ уақыт бойы қарапайым адамның қолында болған.

Бұл костюм ешқандай есепте тұрған жоқ. Оны бір әйел үйінде сақтап келген. Кейін ол сенімді қолда болғанын қалап, маған табыстады. Мұражайда жылына санаулы адам ғана көретін жерде емес, көздің қарашығындай қарайтын жанға бергісі келді, – деп түсіндірді продюсер.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *