Қажылыққа барамын деген 17 қазақстандық алаяққа алданып қалған

Жаңалықтар
view 27
news

Фото: islam.kz

Астанада тұрғындардың сенімін пайдаланып, алаяқтық жасаған адам сотталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратураның мәліметтеріне қарағанда, соталған адам өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, жалған әуе билеттері мен қонақүйлерге қажет деген желеумен азаматтардың 7,4 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Еліміздің әр өңірінен 17 адам алданып қалған. Оолардың арасында қарт ата-аналарын умраға жіберуді жоспарлаған отбасылар да бар.

Сотталушы ірі көлемдегі алаяқтық жасағанын мойындап, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеді.

Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Прокуратура қажылыққа байланысты қызметтерді алу үшін лицензиясы бар туристік агенттіктерге жүгіну қажеттігін еске салды.

Ақшаны тексерілмеген тұлғаларға, тіпті өздерін қажылық ұйымдастырушысы ретінде таныстырған адамдарға аудару алаяқтарға тап болу қаупін тудырады, - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *