Қазақстанда АЭС салу жөніндегі Халықтық штабтың ресми сайты іске қосылды – AES2024.KZ
Сурет: Ашық дереккөзден
Бұл платформада әлемдегі АЭС-тың саны мен халықаралық құрылыс тәжірибесінен бастап, қауіпсіздік стандарттары және жаңа буын реакторларының ерекшеліктеріне дейінгі атом энергетикасының даму тарихымен танысуға болады.
Сайт пайдаланушыға барынша ыңғайлы: интерфейс қарапайым әрі қажетті ақпаратты оңай тауып алатындай етіп жасалған.
Құрылымдық жағынан сайт бірнеше бөлімге бөлінген.
Бірінші бөлімде референдум туралы жалпы мәліметтер, оның ішінде АЭС құрылысының энергетикалық артықшылықтары туралы айтылып, атом энергетикасы саласындағы білікті сарапшылардың пікірлерімен расталған. Сондай-ақ, осы бөлімде жиі айтылатын мифтер сейілтіліп, салмақты пікір қалыптастыру үшін объективті және дәлелденген фактілерді ұсынады.
«Жаңалықтар» бөлімінде референдумға байланысты бейнематериалдармен толықтырылған өзекті оқиғалар жарияланады.
-
Сондай-ақ, сайтта атом энергетикасы туралы бұдан да өзге кең ауқымды ақпарат келтірілген. «Әлемдегі атом энергетикасы» бөлімі оның жаһандық ауқымдағы дамуын және әртүрлі елдерді энергиямен қамтамасыз етудегі рөлін көрсетеді. «Атом энергетикасының даму тарихы» — алғашқы технологиялардан бастап қазіргі заманғы жетістіктерге дейінгі атом станцияларының өткеніне егжей-тегжейлі тоқталады.
-
«Әлемдегі АЭС саны» бөлімі атом электр стансаларының географиясын және олардың елдерде орналасуын көрсетеді. «АЭС салудың әлемдік тәжірибесінде» пайдаланушылар басқа елдерде жүзеге асқан табысты жобаларымен және озық тәжірибелерімен таныса алады.
-
«Халықаралық қауіпсіздік стандарттары» бөлімі адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АЭС сәйкес келуі тиіс қатаң талаптар туралы баяндайды. Қазақстан қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын сақтау үшін өзінің АЭС-ін жоспарлау кезінде АЭХА сияқты халықаралық ұйымдардың тәжірибесін пайдаланады. «АЭС-тың жаңа буыны» бөлімінде атом энергетикасын тиімдірек және экологиялық таза ететін заманауи технологиялар туралы ақпарат берілген.
-
«Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде келушілер АЭС құрылысы және дауыс беру процесі туралы сұрақтарға толық жауап табады. Бұл референдумның барлық аспектілерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ атом энергетикасының негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі көрсететін «АЭС құрылысы туралы» бөлім бар. Ол АЭС-тің экологиялық, экономикалық, технологиялық және қауіпсіздік сияқты маңызды критерийлерін қарастырады. Экологиялылық критерийде оның қоршаған ортаға әсері аз, таза екенін атап көрсетсе, экономикалық тұрғыдан дәстүрлі көздермен салыстырғанда атом энергиясының артықшылықтары айшықталған. Технологиялылық жағынан III және III+ буын АЭС технологияларының заманауи жетістіктерін сипаттайды. Ал қауіпсіздік критерийлері халықаралық қауымдастық қабылдайтын қатаң шараларға арналған. «Байланыстар» бөлімінде қосымша ақпарат алу үшін референдум ұйымдастырушыларымен байланыс ақпараттарын табуға болады.
Сайттың екі тілде, яғни қазақ және орыс тілдерінде жасалуы оны Қазақстанның кең аудиториясына ыңғайлы етеді.
Пікірлер (0)