Қазақстандағы барлық учаскеде дауыс беру жүріп жатыр

Жаңалықтар
view 33
news

Фото: Kazinform

Еліміздегі барлық учаскеде дауыс беру жүріп жатыр. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Орталық референдум комиссиясы облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары ұсынған ақпаратқа сәйкес, сағат 7-00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 388 учаске дауыс беруге кіріскенін хабарлайды. Аумақтық комиссиялардың шешімдеріне сәйкес, 92 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 06-00-де басталды. Азаматтардың тізіміне 12 461 796 адам енгізілген. Олардың 17 514-і дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алды. Барлығы 10 388 учаскесі бар. Оның ішінде 54 шет мемлекетте – 71 учаске, - деді Мұхтар Ерман.

Оның мәліметінше, 1 сағаттан кейін Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы ақпарат ұсынылады. Сонымен қатар Орталық референдум комиссиясы сағат 10-00-ден бастап, 2 сағат сайын азаматтардың референдумға қатысуы бойынша мәліметтерді хабарлайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *