Қазақстандық бойжеткен Анталияда жол апатынан қаза болды

Жаңалықтар
view 36
news

Фотосурет: istock

Қазақстан азаматы Әдия Алмабек Түркияның Анталия қаласында қаза болды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.

Ол 15 маусымда жол апатынан қаза тапқан. 

"Қазақстанның Антальядағы Бас консулдығы құжаттарды ресімдеуге көмектесті. Жергілікті органдарымен өзара іс-қимыл жасау және денесін репатриациялауды ұйымдастыруды қоса алғанда, барлық қажетті консулдық-құқықтық жәрдем көрсетті", - дейді министрлік.

Марқұмның денесі 17 маусымда Қазақстанға жеткізілді. Репатриацияға жұмыс беруші мен серіктес ұйымдар қаржылай қолдау көрсеткен.

Бұл мәселе Бас консулдықтың бақылауында. БАҚ мәліметінше, қазақстандық бойжеткен Түркияда өндірістік тәжірибеден өтіп, қонақүйлердің бірінде жұмыс істеген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *