Қазақстандық спортшылардың қарсыластары белгілі болды.

Жаңалықтар
view 109
news

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 4 тамызда сайысқа түсетін қазақстандық спортшы Айдос Сұлтанғали мен Әлімжан Сыздықовтың қарсыластары белгілі болды, деп жазады janabastau.kz тілшісі kaz.inform.kz слітеме жасап.

Ел құрамасынан Айдос Сұлтанғали (60 келі) алғашқы белдесуінде Қырғызстан мықтысы Жоламан Шаршанбековпен күреседі. Қарсыласы – 2 дүркін әлем чемпионы.

Ал, Әлімжан Сыздықовтың (130 келі) алғашқы қарсыласы румыниялық – Алин Алексус-Циурариу. Румыниялық балуан әлем чемпионатының қола жүлдегер атанған, Еуропа чемпионы болған. 

Грек-рим күресінен ел құрамасы сапында Айдос пен Әлімжаннан өзге Демеу Жадыраев (77 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) бар. 

Ал, еркін күрестен команда құрамында Азамат Дәулетбеков (86 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Юсуп Батырмырзаев (125 келі) бар. 

Күрес түрлерінен жарыстар 5-11 ақпан аралығында өтеді. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *