Қазақстандықтар референдумда белсенді дауыс беруде
Фото
Қазақстандықтар жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс белсенді беруде, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Еліміздің түкпір-түкпірінде, сондай-ақ шетелдегі өкілдіктерде алғашқы азаматтар өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскелеріне келе бастады. Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де есігін айқара ашты. Қалыптасқан игі дәстүр бойынша, таң бозынан келген ең алғашқы сайлаушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Айта кетейік, саяси науқан басталмас бұрын ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. Барлық учаскелердің кедергісіз әрі сапалы жұмыс істеуі үшін тиісті жағдайдың бәрі жасалған. Комиссия мүшелері азаматтарға кез келген сұрақ бойынша кеңес беріп, дер кезінде көмек көрсету үшін арнайы оқудан өтті. Референдум бүкіл республика аумағында белсенді өтуде.


Пікірлер (0)