Қазақстанның су инфрақұрылымын жаңғырту
Сурет: KZgovernment
Елімізде ауыл шаруашылығы жерлерін тұрақты суаруды қамтамасыз ететін су қоймаларын, бөгеттер мен каналдарды қосқанда, 13 мыңнан астам гидротехникалық құрылыстар бар.
➤ 2024 жылы еліміздің оңтүстік аймақтарындағы егістік алқаптарды суару үшін 10,9 км3 су жіберілді, ол суаруға арналған су қабылдаудың жалпы көлемінің 97%-ын құрайды. Талас және Шу өзендері бойынша көрсеткіштер айтарлықтай жақсарды, бұл сумен жабдықтау және суару бойынша іске асырылып жатқан іс-шаралардың тиімділігінің айғағы. Биыл Шардара су қоймасына 4,8 млрд м3 су келді, яғни, 2023 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
Мемлекет басшысы жедел ден қоюды талап ететін бірқатар негізгі бағыттарды атап өтті. Олардың ішінде – су инфрақұрылымын жаңғырту, тарифтік саясатты қайта қарау, су үнемдеу технологияларын енгізу және заңнамалық базаны жетілдіру ісі бар.
• Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері еліміздің су шаруашылығы саласын түбегейлі өзгертуге бағытталған ауқымды реформаларды бастады.
📎 Жаңа нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды: жаңа Су кодексінің жобасы әзірленді, Мәжілісте алғашқы тыңдаулар өткізілді, 2030 жылға дейін су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы бекітілді, сондай-ақ 2028 жылға дейін су саласын дамытудың кешенді жоспары және 2026 жылға дейін су үнемдеу жөніндегі Жол картасы әзірленді.
🔖 Бұл құжаттар су саласын жаңғыртуға, су үнемдеу технологияларын енгізуге және климаттың өзгеруінің салдарына орнықтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. 20 жаңа су қоймасын салу, сондай-ақ 14 мың шақырымнан астам суару каналдарын қосқанда, қолданыстағы 15 су қоймасын қайта жаңарту жоспарланған.
✔️ 2024 жылы Қазақстанда 93 гидротехникалық құрылысқа тексеру жүргізілді, жалпы ұзындығы 592,9 км болатын 260 бөгет салынып, нығайтылды. Сондай-ақ ауылдарды және шалғай аудандарды сумен қамтамасыз етуде маңызды қадамдар жасалды. 39 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды, ал 166 елді мекенде блок-модульдер орнатылды.
Пікірлер (0)