Қазақтар ұзақ өмір сүре бастапты
Жаңалықтар
116
Сурет: Ашық дереккөзден
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, медициналық көмекті қаржыландыру көлемінің ұлғаюы халық үшін медициналық қызметтердің, жоғары технологиялық әрі қымбат диагностикалық қызметтердің қолжетімдігін арттырған, деп хабарлайды janabastau.kz.
«Бұл халықтың жалпы өмір сүру ұзақтығының артуына әсер етті. Мәселен, 2021 жылы бұл көрсеткіш 70,2 жас болса, 2023 жылы 75 жасқа дейін өсті. Осылайша, МӘМС жүйесі денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бөлігіне айналды», – дейді ол.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң 2015 жылы қабылданып, жүйенің іске қосылуы 2020 жылы басталған.
Пікірлер (0)