«Қол-аяғын байлап, аузын скотчтап қойған»: Руслан Өтепбай Құндыздың жағдайың айтып дабыл қақты

Жаңалықтар
view 86
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Танымал журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында даулы жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Журналистің айтуынша, әлеуметтік желіде Құндыз есімді баланың қолы мен аяғы байланған, аузы скочталған фотосы тараған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ол баланың қамқоршысы Зүльфиямен байланысқа шыққан. Алайда журналист қамқоршының жауабына күмән келтіретінін жеткізді. 

«Әлеуметтік желіде Құндыздың қолы мен аяғы, аузы скочталған фото таралып жатыр. Анығын білейін деп, қамқоршысы Зүльфияға хабарластым. Бірақ әңгімесі қисынға келмейді. Байлаған мен емес деп ақталып жатыр. Мен сенбеймін! Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары, Тараз қаласының полиция департаменті мына мәселені назарға алыңыздар! Ертең жолға шығамын!» – деп жазды Руслан Өтепбай.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *