«Жаны жұмақтан болсын»: Асанәлі Әшімовтің отбасы тағы қара жамылды

Жаңалықтар
view 399
news

Фотосурет: JANABASTAU.KZ

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің зайыбы Бағдат Әшімова әлеуметтік желіде отбасына тағы бір ауыр қайғы түскенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оның жазуынша, марқұм Сағидың жары, екі немересінің анасы Селимхан өмірден өткен.

Бағдат Әшімова бұл қазаның отбасы үшін оңай соқпағанын айтып, немерелерінің қайғысын көрудің аса ауыр екенін жеткізді. 

«Асылымнан айырылып отырғанда, көз жасымызды азайта алмай, жүрегіміз жадап отырғанда тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады. Сағидың жары, екі немереміздің анасы Селимхан өмірден озды. Ансарым мен Майрамның көз жасын сүрту, қайғыда қасында болу, өмір ары қарай жалғасатынын түсіндіру оңай емес. АЛЛА енді жылатпасын… Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын», – деп жазды ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *