Қомақты ақша жымқырған Жомарт Ертаев рақымшылықпен босатылды

Жаңалықтар
view 29
news

Фотосурет: Жанар Каримова

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев пробация қызметінің есебіне қойылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Сот үкіміне сәйкес, жазасын өтеп жүрген Жомарт Ертаевқа сот шешімі негізінде амнистия қолданылып, ол бостандыққа шықты, - деп мәлімдеді ҚАЖК өкілдері.

Ведомствоның нақтылауынша, сотталғандарға қатысты қарау және шешім қабылдау – соттың құзыретінде.

Еске сала кетсек, Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Кейін кесілген мерзім қысқартылып, алайда ол ірі көлемдегі ұрлық істері бойынша (QazaqBanki-інен 46 млрд теңге және «Еуразиялық банктен» 24 млрд теңге жымқырылған) қайтадан сот алдында жауап берді.

Айта кетсек, Жомарт Ертаев әр жылдары Bank RBK директорлар кеңесінің кеңесшісі, Мәскеудегі Еуразиялық қаржылық консалтинг орталығының (ЕЦФК) президенті, сондай-ақ «Алма-ТВ» ЖШС-нің бас директоры қызметтерін атқарған. Алматы облысы Алатау қалалық сотының баспасөз қызметі оның рақымшылыққа қалай ілінгенін түсіндіріп берді. Соған сүйенсек, экс-банкирдің рақымшылық туралы өтініші кеше, яғни 2 қыркүйекте қаралған.

Жомарт Ертаев 2020 жылғы 16 қарашада Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 28-бабы 3-бөлігі, 228-бабы бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. 2025 жылғы 2 қыркүйектегі жағдай бойынша ол 8 жыл 3 ай 14 күн бас бостандығынан айыру жазасын өтеді (15.11.2018 жылдан бастап қамауда болған, қамаудағы уақытының бір күні бір жарым күнімен есептелген). Өтелмеген мерзімі – 11 ай 16 күн, - деп хабарлады сот.

Отырған қамау орны оның мінез-құлқына оң баға берген. Ал «Рақымшылық туралы» Заңға сай, егер сотталған адамның қалған мерзімі бір жылдан аз болса және теріс мінез-құлық дәрежесі болмаса, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандардың өтелмеген бөлігі кешіріледі.

Сот Жомарт Ертаевтың өтінішін қанағаттандырды. Ол негізгі жазасының өтелмеген 11 ай 16 күні босатылды, - деп хабарлады сот.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *