Қошанов: «30 жыл билік бір топтың қолында болып, елдің дамуына кедергі жасады»

Жаңалықтар
view 127
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 30 жыл бойы елді басқарған билікті сынады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

«Отыз жыл бойы Қазақстанда суперпрезиденттік басқару формасы қолданылды. Алайда, уақыт өте келе, ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген модель үлкен саяси дағдарысқа алып келді. Бұған негізінен мемлекетімізге бір ғана адам үстемдік етіп, елдің бар байлығын санаулы адам иеленуі себеп болды. Бұл жайт қоғамның ашу-ызасын туғызды және елдің дамуын тежеді. Сондықтан үш жыл бұрын саяси жүйені жаңғырту процесін бастаудың маңызы зор еді», — деді ол.

Қошановтың айтуынша, бүкіл биліктің бір қолда шоғырлануына мүмкіндік беретін жүйеден бас тарту қажет болды.

«Әлемде болып жатқан жағдайлар көптеген елде жоғарғы билікті басқа саяси институттарға беру және табыстау әлі күнге дейін түрлі дау мен пікірталасқа ұласатынын көрсетіп отыр. Біздің елімізде Президент, керісінше, өзінің жеке бастамасы бойынша өкілеттіктердің бір бөлігін қайта бөліп, бір реттік жеті жылдық мерзімді енгізді. Осылайша, суперпрезиденттік басқару моделінің дәуірі аяқталды. Яғни, елімізде бұрынғы саяси құрылым мен елді басқарудың қолданыста болған принциптері түбегейлі өзгерді. Билік тармақтары арасында оңтайлы тепе-теңдік сақталатын, мемлекеттік-саяси құрылымның мүлде жаңа моделі қалыптасты», — деді Мәжіліс төрағасы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *