Қосшы қаласының медицинасы 4 жаңа реанимобиль жедел жәрдем көлігімен толықты

Жаңалықтар
view 131
news

Сурет: видеодан кадр

Қала әкімі Азамат Қапышев жедел жәрдем қызметкерлеріне 4 жаңа реанимобиль көлігінің кілтін тапсырды. Көліктердің үшеуі жедел жәрдем қызметі базасында, біреуі қалалық емханада жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды janabastau.kz Қосшы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Оның біреуі – В санаты, ал үшеуі – С санатты реанимобильдер. 

Бұл көліктер қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған, әрі реанимациялық көмек көрсету үшін арнайы жабдықталған.

В санаты:

✅Өкпені жасанды басқарылатын және қосалқы желдетудің портативті аппараты;

✅Тасымалды дефибриллятор-монитор;

✅Тасымалды электрсору құрылғысы;

✅Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған реанимациялық жиынтық;

✅Электрокардиограф (қашықтан бақылау мүмкіндігімен).

С санаты:

✅Өкпені жасанды басқарылатын және қосалқы желдетудің портативті аппараты;

✅Тасымалды дефибриллятор-монитор;

✅Тасымалды электрсору құрылғысы;

✅Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған реанимациялық жиынтық;

✅Тасымалды реанимациялық-анестезиологиялық монитор.

Жаңа реанимобильдер жедел жәрдем қызметкерлеріне қала тұрғындарына сапалы әрі уақытылы медициналық көмек көрсету мүмкіндігін жақсартары сөзсіз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *