Қосшыда республикалық «Туған күніңмен, Қосшы!» Жайдарман ойыны өтті
Фотосурет: janabastau.kz
Қосшы қаласында қала күніне орай республикалық деңгейдегі «Туған күніңмен, Қосшы!» атты Жайдарман ойыны өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ойынның жүргізушісі – Жайдарман жобасының негізін қалаушы, танымал тележүргізуші Есен Елеукен. Оның сахнадағы шеберлігі кештің көркін арттыра түсті.
Әділ қазылар алқасында:
Ақерке Искандерова – «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы.
Дидар Бөлтірікұлы – Қосшы қалалық мәслихат депутаты, «Аружан Плаза» және «Хан Сарайы» ресторандарының басшысы.
Ғалым Махамбет – Жайдарманның 2011 жылғы чемпионы («Аралас»).
Бекзат Дүйсенов – Жайдарманның 2014 жылғы чемпионы («Ұлттық құрама»).
Ақылбек Данабекұлы – Қосшы қалалық Қоғамдық мәдени-спорт кешенінің директоры, мәслихат депутаты.
Командалар тартысы:
Сахнада 10 команда өнер көрсетті. Олардың қатарында Рудныйдан келген «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», Астананың «АБИБАС» және «SEIFULLIN», Тараздың «ОЮ» командалары, сондай-ақ Павлодардың «Чехов аялдамасы» және Қарағанды құрамасы бар.
Нәтижелер:
1 орын – «ОЮ» (Тараз).
2 орын – «Қосшы құрамасы» және «SEIFULLIN» (Астана).
3 орын – «АБИБАС» (Астана) және «Жуалы» (Жамбыл облысы).
Арнайы номинациялар:
Үздік ойыншы – «Чехов аялдамасы» (Павлодар).
Үздік ойыншы – «Қарағанды құрамасы».

Айта кетейік, ойын барысында әр команда өздерінің тапқыр әзілдерімен көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл кеш Қосшы қаласының мерекесіне ғана емес, күлкі мен тапқырлықты сүйетін барша көрерменге үлкен қуаныш болды.
Пікірлер (0)