Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: қаза тапқандар бар

Жаңалықтар
view 256
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, даңқты спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Жамбыл облысында ауыр жол апатына ұшырады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Апат Алматы – Екатеринбург автожолының 296-шақырымында, Ақсуйек ауылы маңында болған. Toyota Land Cruiser тізгінінде UFC-дің танымал жекпе-жекшісі Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова отырған. Көлік салонында Рахмонованың ұлы және екі құрбысы болған.

Оқиға орнында 39 жастағы З.А. қаза тапты. 35 жастағы А.С. ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Гүлайым Рахмонова мен 2022 жылы туған ұлы Шу қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *