Қосшыда сайлаушыларға арналған фотозоналар орнатылды
Жаңалықтар
18
Фотосурет Қосшы қаласы әкімдігі
Қосшы қаласындағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс берушілер үшін арнайы фотозоналар орнатылған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Фотозоналар референдум күні азаматтардың белсенділігін арттыру, сондай-ақ маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға деген қызығушылықты күшейту мақсатында ұйымдастырылды. Арнайы безендірілген орында дауыс беруге келген тұрғындар естелік суретке түсіп, тарихи сәтке маңыз бере алады. Фотозоналар келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Кез келген жақсы бастама қоғамның бірлігін нығайтып, ел өміріндегі маңызды шешімдерге тұрғындардың белсенді қатысуына ықпал етері сөзсіз.
#Референдум2026


Пікірлер (0)